Жаңалықтар тізбегі
0

Алматылық офтальмологтар көзіне металл кіріп кеткен ер адамның жанарын сақтап қалды

ота, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2023 23:44 Сурет: ОҚКА баспасөз қызметі
Жуырда Орталық қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері көзге жоғары технологиялық ота жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Орталық қалалық клиникалық аурухана офтальмологы Гүлзат Әбдірайымованың айтуынша, биыл офтальмология бөлімшесінде 450-ге жуық ота жасалған.
"62 жастағы ер азаматтың көзіне металл сынығы түскен. Көлігін жөндеп жатқанда оң көзіне металл сынығы түсіп, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Металл сынығы көздің барлық қабатынан өтіп, көз орбитасының ішіне, жанардың жүйке тамырлары орналасқан тұсына қадалған. Ота барысында металл алынып, жарақаттың салдарынан болатын менингит пен сепсистің алдын алдық". Офтальмология бөлімшесі меңгерушісі Гүлзат Әбдірайымова
Жоғары технологиялар мен білікті мамандар пациенттің көз жанарын сақтап қалды.
"Күрделі ота 3 сағатта аяқталды. Жалпы, мұндай ота асқан шеберлікті, зергерге тән дәлдікті талап етеді. Өйткені операция барысында көздегі шыныәйнектің пішініне титтей де зақым келмеуге тиіс". Офтальмолог Гүлзат Әбдірайымова
Қазір науқастың жағдайы жақсы, көру қабілеті қалпына келген, бірақ ол алдағы уақытта көз дәрігерлерінің бақылауында болуға тиіс.

ота, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2023 23:44

Сурет: ОҚКА баспасөз қызметі

Осыдан біраз бұрын бұл аурухана дәрігерлері көзіне ұзындығы 3 сантиметрлік сым кіріп кеткен алматылық тұрғынның жанарын сақтап қалған еді.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: