Жаңалықтар тізбегі
0

Алматылық тұрғынның косметологиялық ем-шарадан кейін денсаулығы нашарлап кетті

Косметологтан зардап шекті, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.03.2023 17:26 Сурет: pixabay
Алматылық Майра Алдамжарова косметологиялық ем-шарадан кейін бет терісі бөртіп, денсаулығы нашарлап кеткенін айтады.

Қазір ол бүркеніп жүруге мәжбүр. Айтуынша, құқық қорғау органдары әзірге ешқандай шара қолданбай отыр. 

Майра өзін мұндай жағдайға жеткізген косметологты әлеуметтік желі арқылы тапқан. Бетін әрлетпек болып, оның көмегіне жүгінген. Процедураларын қабылдаған соң беті бөртіп кетіпті, деп жазады qazaqstan.tv.

Мен хабарласқан кезде кішкене уақыттан кейін кетеді деді. Олай болмады. Қаңтар айының 4-5 қарай бетім қызарып, ісік пайда бола бастады. 02:43 Косметолог препараттың қолдану мерзімі өтіп кеткен шығар, бір жылдан бері салып жүрмен ондай ешкіммен ондай болмаған деді. Майра Алдамжарова, қала тұрғыны.

Майраның айтуынша косметолог оның бетіне «Гиалурон» деп аталатын препарат еккен. Косметологты іздеп, клиникасына бардық. Бірақ, жұмыс орнында болмай шақты.

Шарасыз күйде қалған Майра қаңтар айында Бостандық ауданына қарасты ПБ-ға арыз жазып, медициналық сараптамадан да өткен. Алайда бір аптада дайын болуы тиіс қорытынды қағаз әлі қолына тимепті. Ал полициядағылардың уәжі мынадай:

"Бостандық ПБ мәліметінше, азаматша Майра Алдамжараованың сот-медициналық сараптамасы тағайындалып, оның нәтижесі дайын болды. Соттың қорытындысы азаматтың қолына тапсырылып, осы қорытындысын негізге ала отырып азаматтық, құқықтық тұрғыдан азаматша Алдамжарова сотқа жүгінуіне болады." Салтанат Әзірбек, қалалық ПД ресми өкілі

ДСМ шарасыз. Олар пластикалық хирургия, косметология қызметіне жүгінерде мыналарды ескерген жөн дейді.

"Пластикалық хирургия, дерматокосметология медициналық қызметтің лицензияланатын кіші түрі болып табылады. 03:52 Егер сіз пластикалық хирургия, дерматокосметология қызметіне жүгінетін болсаңыз бірінші кезекте ол ұйымган лицензиясы бар ма, жоқ па соны талап етіңіз. Екіншіден, сізге қызмет көрсететін маманның сертификаты бар ма жоқ па соны сұрау керек." Бағжан Мұхамбетбек, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің басқарма басшысы

Заңгерлер болса, мұндай жағдайға тап болғандарды қорғайтын арнайы Заң бар екенін айтты.

Бұл жерде ҚК 317-бабы бар, бұл бап бойынша әкімшілік жазаға тартуы мүмкін. Болмаса денсаулығына зиян келетін болса, 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Егер адам өліміне келетін болса ,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл кезде зардап шеккен адам дәлел жинау керек. Марғұлан Шыныбаев, заңгер.

Бетіндегі бөртпемен алысқан Майра енді сотқа жүгініп, шығындарын өтеуді талап етпек. Ол қыз келіншектерді өзі секілді ажарланамын деп опық жеп қалмаса екен дейді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: