Доллар тағы құлдырады

Валюта бағамы анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2023 16:16 Сурет: pixabay
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,38 теңгеге төмендеп, 446,79 теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еуро, юань және рубль бойынша сауда болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк белгілеген – 491,23 теңге, юань – 65,34, рубль – 5,66 теңге.

Ақша айырбастау орындарында доллар 445-450 теңгеден, еуро 487-495 теңгеден, ресей рублі 5,5-5,8 теңгеден сатылуда.

5 сәуірде мұнай бағасы көтеріледі. Brent маркалы мұнайдың маусымдық фьючерстері барреліне 0,41%-ға қымбаттап, 85,29 долларды құрады, WTI мамырдағы фьючерстері 0,37%-ға өсіп, 81,01 долларды құрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: