Жаңалықтар тізбегі
0

Киік саны қашан реттеледі?

Киікке қатысты жиын өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2023 17:10 Сурет: Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен алынды
Жақында Батыс Қазақстан облысы әкімдігінде киіктердің санын реттеу мәселесіне арналған жиын өтті.

Оған ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Андрей Ким, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің егіншілік департаменті директорының міндетін атқарушы Айхан Сұлтан, «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының басқарушы директоры Ерлан Молдашев, облыс әкімінің орынбасары Ержан Балтаев және сарапшы-мамандар қатысты.

Өңірде киіктердің жойылып бара жатқан түрлері сақталды. Десе де, қазір дала бөкендері шаруаларға қиындық тудыруда. Өйткені олардың саны жыл өткен сайын артып келеді. Жергілікті ғалымдар өңірдегі ақбөкендердің саны 500 мыңнан аспауы керек деп есептесе, бүгінде бұл сан миллионға жуықтады. Ал мамыр айында қозы төлдегеннен кейін бұл көрсеткіш, мамандардың айтуынша, екі есеге жуық артуы мүмкін. Бүгінгі таңда Жайық популяциясының негізгі мекендейтін жері Батыс Қазақстан облысының Қазталов, Жәнібек, Бөкейорда, Жаңақала, Тасқала және Ақжайық аудандары болып табылады.

Киікке қатысты жиын өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2023 17:10

Сурет: Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен алынды

БҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қуанышқали Есімов шаруа қожалықтары мен жергілікті тұрғындардан арыз-шағым жыл сайын көбейгенін атап өтті. Диқандар киіктердің көбеюі ауыл шаруашылығына зиянын тигізуде деп дабыл қағуда.

Жиында ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Қазыбай Бозымов бұл мәселе бірнеше рет көтерілгенімен нәтиже жоқтығын, сондықтан мал баққан шаруалардың наразылығын ескеріп, дереу нақты іске көшіп, ғылыми негіздеме бойынша нақты тоқтамға келудің маңызы зор екенін атап өтті.

Сонымен қатар келелі кеңесте егіс алқабымен қатар, жайылымдар мен шабындықтарға киіктердің таптауынан келтірілген залалды сақтандыру туралы айтылды. Бүгінде киіктердің ауылшаруашылығы өндірісіне келтірген залалды өндіру механизмі қарастырылуда. Жоба 80 пайызға дайын, - дейді мамандар.

Киікке қатысты жиын өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2023 17:10

Сурет: Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен алынды

Мамыр айында Халықаралық ұйымдардың сарапшылары аталмыш тақырыпқа талдау жүргізу үшін Батыс Қазақстан облысына арнайы келмек. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Андрей Ким өз сөзінде бұл бағытта жұмыс тобы нақты шешім ұсынатынын айтты.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Ержан Балтаев бұл мәселеге халықаралық сарапшыларды тартып, киік популяциясын реттеуге байланысты үшжылдық бағдарлама қабылдау жоспарланып жатқанын айтты.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: