Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағанды облысындағы ауылда жылқыдан инфекция анықталып, карантин енгізілді

жылқы, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2023 01:56 Сурет: pixabay
Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданына қарасты Үміткер ауылында жылқы арасында тараған эпизоотикалық лимфангит инфекциясына байланысты карантин енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Үміткер ауылдық округі Үміткер ауылы аумағында жылқылар арасында эпизоотикалық лимфангоит ауруының пайда болуына байланысты карантин белгіленсін. Аудандық ветеринария бөлімі жануарлардың жұқпалы ауруының таралуына жол бермеу мақсатында, эпизоотия ошағында және қолайсыз пункттерде ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдай жасап, қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды өткізсін", - делінген "Ашық" НҚА порталында жарияланған ауылдық округ әкімінің шешімінде.

КТК телеарнасының хабарлауынша, лимфангит немесе африкалық сап деп аталатын қауіпті кесел тек жұмыр тұяқты жануарларға жұғады.

Үміткер ауылындағы жылқылардың денесін ірің жайлап, жүріп-тұрудан қалғаны ақпан айында біліне бастаған. Содан бері 9 бас жылқы арам қатыпты. Ауру дендеп кеткен тағы 15 жылқы оқшауланған.

Карантинде қора-қопсы залалсыздандырылып, ауру жұқтырған малдар өртеледі. Оның нарық құны бюджет есебінен өтеледі. Өрістегі мыңнан аса жылқы да тексеріледі. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: