Шымкентте "Ордабасы" және "Ақтөбе" футбол командасының жанкүйерлері төбелесті

полиция, төбелес, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2023 16:30 Сурет: видео скрині
Шымкентте 20-дан астам футбол жанкүйері полицияға жеткізілді. Олар жаппай төбелескен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, Еңбекші аудандық полиция басқармасына Уәлиханов көшесіндегі "Прага" кафесінің жанында ер адамдар төбелесіп жатқаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына дереу патрульдік полиция қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы барған.

"Ордабасы" мен "Ақтөбе" футбол командаларының жанкүйерлері арасында келіспеушілік болғаны анықталды.

Қазіргі таңда полиция басқармасына 20 адам жеткізілді. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: