14 сәуір күні еліміздің кейбір өңірінде қар жауады
"Қазгидромет" РМК ұсынған ақпарат бойынша, Қазақстанның ауа райына Қара теңіз жақтан келе жатқан белсенді циклон әсер етеді.
Синоптиктердің болжауынша, солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта жаңбыр соңы қарға ұласад. Солтүстікте, солтүстік-батыста көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, оңтүстікте шаңды дауыл тұрып, найзағай ойнайды, батыста, орталықта найзағай ойнап, бұршақ жауады.
Республика бойынша желдің күшеюі мен тұман болжанды.
"Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Қостанай облысының орталығында, оңтүстігінде, шығысында, күндіз батыста, Ақтөбе облысының солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Атырау облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады". "Қазгидромет" РМК
Астанада көшпелі бұл шығады, жаңбыр, кешке қарай қатты жаңбыр қарға ұласып, көктайғақ болады. Солтүстік-шығысқа ауысатын оңтүстік-батыс желдің күші 9-14, күндіз екпіні 17-22 м/с болады. Ауа температурасы түнде және күндіз +5 + 7°С, күндіз одан әрі төмендейді.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +11+13°С, күндіз +26+28°С.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды.Оңтүстікен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде + 13 + 15°С, күндіз + 31+33°С.