Жұма күні еліміздің кейбір өңірінде жаңбыр жауып, көктайғақ болады

Ауа райы болжамы, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2023 20:30 Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстан бойынша 2023 жылғы 17 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, еліміздің басым бөлігі антициклонның ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ашық ауа-райы болжанды.

"Еліміздің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің  өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп болжанады"."Қазгидромет" РМК 

Синоптиктердің болжамынша, республикамыз бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, еліміздің оңтүстік-батысында, батысында шаңды дауыл тұрады.

Астана қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады. Батыс бағыттан соққан желдің екпіні 2-7 м/с құрайды. Ауаның температурасы: түнде -7-9°С, күндіз -1+1°С.

Алматы қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақыттарда тұман болады. Соққан желдің екпіні - 0-5 м/с. Ауаның температурасы: түнде 0,+2°С, күндіз +7+9°С.

Шымкент қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан жел соғады, екпіні - 8-13 м/с, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Ауаның температурасы: түнде +3+5°С, күндіз +18+20°С.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: