Желіде Жаңаөзен қаласы карантиндік аймақ ретінде жарияланғаны жөнінде жалған ақпарат тарады

Жалған ақпарат, әлеуметтік желі, Жаңаөзен, карантин, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2023 17:04 Сурет: pixabay
Әлеуметтік желілерде Жаңаөзен қаласы 2025 жылға дейін карантиндік аймақ болып жарияланғаны туралы ақпарат тарады. Бұдан былай ол қалаға кіру үшін арнайы рұқсат қажет болады-мыс. Бірақ бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жалған ақпараттың көзі – Instagram-дағы QazNews24 сатиралық аккаунты. Бұл парақшада ойдан шығарылған жаңалықтар жарияланады. Шынайы хабарламалар жоқ, деп жазды StopFake.kz сайты.

Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми сайтында Жаңаөзен аумағында карантиндік шектеулер енгізу туралы ақпарат жоқ. Мұндай хабарламалар қаланың сайтында да шықпаған.

Сондай-ақ БАҚ та Жаңаөзеннің 2025 жылға дейін карантиндік аймақта болатыны туралы ақпарат таратпаған.

"Демек, бұл – фейк ақпарат, оған сенбеген жөн," – делінген хабарламада.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: