Жаңалықтар тізбегі
0

Бүгін – "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" күні

Ғашықтар күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2023 09:22 Сурет: Twitter.com//kazgeo_kz
15 сәуірде Қазақстанда ғашық жандар соңғы жылдары өз "Ұлттық ғашықтар күнін" мерекелейді. Ол 14 ақпан - Валентин күнінің баламасы ретінде 2011 жылы пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мереке жастай ғашық болып, соңы трагедиямен аяқталған махаббатты баяндайтын қазақ аңызының кейіпкерлері - Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу атымен аталады.

Қос жас дүниеге келгенге дейін атастырылып қойған еді. Арадағы достықты нығайта түсу үшін Қозы Көрпеш пен Баян Сұлудың әкелері болашақта балаларының үйленгенін қалайды. Алайда, тағдыр жазуы басқаша болады.

Қозы Көрпештің әкесі аң аулап жүргенде қаза табады. Кейін әкесі Баян Сұлуды кезінде өзін жұттан құтқарған батыр Қодарға ұзату туралы шешім қабылдайды. Бірақ қыздың бар көңілі Қозы Көрпеште еді. 

Махаббат оқиғасының соңы қайғылы жағдаймен аяқталады: Қодар бақталасын өлтіреді. Ал Баян Сұлу кек алу үшін Қодарға құдыққа түсіп, су алып беруін сұрайды. Құдыққа түсу үшін қыз өз бұрымын ұсынады. Ал Қодар құдыққа түскенде ару бұрымын кесіп жібереді. Одан кейін ғашығының моласының басында өзіне қол салады.

Ел аузынан тараған аңыздағы ғашықтар Шығыс Қазақстан облысындағы Таңсық ауылының маңында жерленіп, кесенесі көтерілген. 1982 жылы құлпытас тарихи және мәдени ескерткіштер тізіміне еніп, мемлекет қорғауына алынды.

2013 жылы Аягөз қаласында (Қазақстанның шығыс өңірі) екі ғашықтың құрметіне ескерткіш орнатылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: