Жаңалықтар тізбегі
0

Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидасына өандай өзгеріс енгізілді

 Іссапарларға арналған шығыстарды өтеу, іссапар шығыны, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.04.2023 15:02 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан үкіметінің 2023 жылғы 13 сәуірдегі қаулысымен Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларына өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен құжатта іссапарға жіберілген жұмысшыларға мына шығындар өтелетіні жазылған:

  • мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері үшін тұрғын үй-жайды жалдау жөніндегі шығыстарды өтеу нормасы Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау және Байқоңыр қалаларында – тәулігіне айлық есептік көрсеткіштің жеті еселенген мөлшерінен, облыс орталықтары мен облыстық маңызы бар қалаларда – айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен, аудан орталықтарында, аудандық маңызы бар қалаларда және Ақмола облысы Бурабай ауданының Бурабай кентінде – айлық есептік көрсеткіштің төрт еселенген мөлшерінен және ауылдық округтерде айлық есептік көрсеткіштің екі еселенген мөлшеріненаспауға тиіс.

Сондай-ақ:

  • іссапарда болатын жерге және тұрақты жұмыс орнына кері қарай жол жүру бойынша көрсетілген жол жүру құжаттарының негізінде теміржолмен жүрген кезде – купе вагонының тарифі бойынша;
  • су жолдарымен, тас және топырақ жолдармен – сол жергiлiктi жерде қолданылып жүрген жол жүру құны бойынша;
  • ерекше жағдайларда орталық мемлекеттік органның аппарат басшысының, ал мұндай болмаған жағдайда – мемлекеттiк мекеме басшысының бұйрығына сәйкес темiржол көлігімен жол жүрген кезде жұмсақ дивандары төменде орналасқан, қалпын реттеу құрылғысы бар отыруға арналған жұмсақ креслолы екі орындық купе (ҰВ) тарифтері бойынша және әуе көлiгiмен экономикалық класс авиабилеттің құны бойынша;
  • мемлекеттік органның басшысына, мемлекеттік орган басшысының бірінші орынбасары мен орынбасарларына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға теңестірілген тұлғаларға, Конституциялық Соттың судьяларына, орталық мемлекеттік органның аппарат басшысына, ал мұндай болмаған жағдайда – мемлекеттiк мекеме басшысына әуе көлiгiмен жол жүрген кезде экономикалық класс авиабилеттің құны бойынша;
  • Қазақстан Республикасының Парламентi сенатының төрағасына, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң сенаты төрағасының орынбасарларына, Қазақстан Республикасының Парламентi мәжілісінің төрағасына, Қазақстан Республикасы Парламентінің мәжілісі төрағасының орынбасарларына, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасына, Қазақстан Республикасы премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасарына, Қазақстан Республикасы премьер-министрiнiң орынбасарларына, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеңесшісіне, Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің басшысына, оның бірінші орынбасарына және орынбасарларына, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кеңсесінің басшысына, оның орынбасарларына, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысына, Қазақстан Республикасы президенті кеңсесінің бастығына, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті көмекшілеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға теңестірілген тұлғаларға әуе көлігімен жол жүрген кезде "Бизнес" класс авиабилеттің құны бойынша.

Айта кетерлігі, бұрынғы ережелерде тариф бойынша шығынды өтеу жазылған  болса, жаңа редакцияда әуе билетінің құнына қарай өзгертулер енгізілген.

Қаулы 2023 жылғы 25 сәуірде күшіне енеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: