Жаңалықтар тізбегі
0

Әскерилердің имиджін қалыптастыру үшін қандай шаралар ұйымдастырылып жатқаны белгілі болды

Әскерилердің имиджін қалыптастыру үшін қандай шаралар ұйымдастырылып жатқаны белгілі болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2023 15:13 Сурет: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
Cенаттағы отырыста Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары депутаттың ақпараттық саясатқа, оның ішінде әскерилердің имиджін қалыптастыруға қанша ақша бөлінетіні туралы сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Депутат Ғалиасқар Сарыбаев жыл сайын ақпараттық саясатқа, оның ішінде осы әскерилердің имиджін қалыптастыруға қанша ақша бөлінетінін сұрады. Ол осы мақсатқа миллиардтаған ақша бөлінетінін білемін деді.

Сұраққа Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Жеңісбекұлы жауап берді.

"Бізге нақты әскери қызметкерлерге немесе дәрігерлердің ақпарат жұмысына деп арнайы бөлінетін қаражат олай есептелмейді. Бізге тақырыптық бағыттарға (ақша) есептеледі. Олар бекітілген. Осы бағыттардың өзінің формуласы бар. Сол алгоритм бойынша қай бағытқа, қай тақырыпқа қанша ақша бөлетінін республикалық комиссия анықтайды". Нұрлыбек Жеңісбекұлы

Комитет өкілінің сөзінше, биыл жалпы ақпараттық саясатқа барлығы 64 млрд теңгеге жуық қаржы қарастырылған.

"Оның ішінде мемлекеттік телеарналар мен баспа басылымдары бар. Таза мемлекеттік ақпаратты бөлінетін қаражат одан аздау. Қазір мен оны сізге нақты айта алмаймын", - деді Нұрлыбек Жеңісбекұлы.

Сонымен қатар Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің басшысы, Әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев әскердің үгіт-насихаты туралы айтты. Оның пікірінше, Қазақстанда әскердің тек жағымсыз жағы айтылып жатады.

"Біз теріс жағын айтып жатырмыз, бірақ мен оңды жақтаймын. Өзім бөлімшелерге жиі барып тұрамын және әскеріміз жақсы дер едім. Көрсететін нәрсе бар деп ойлаймын. Әңгімелейтін нәрсе бар, өкінішке қарай, көрмейміз". Тілеухан Басқожаев

Ол жалпы әскери қызметтің тартымдылығы мен беделін арттыру және жас сарбаздарды әскерге шақыруға ынталандыру үшін бірқатар ауқымды жұмыс істеліп жатқанына сендірді.

"Өзіңіз айтқандай кино, бейне роликтер түсіріледі. Бүгінде әскер туралы сериал Алматыдағы құрлықтық әскери институты десант-шабуылдау факультетінде түсіріліп жатыр. Жалпы 10 сериал болады. 2024 жылы "Хабар" телеарнасында осындай сериалға ақша бекітілген. Оны өзіміз пысықтап жатырмыз. Болашақта сериалдың үлкен әсері болады деп сенеміз. Әскери сериалдың бюджетін MG Production cтудиясынан біле аласыз", - деп түйіндеді Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің басшысы.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: