Қазақстанның жеті өңірінде жаңа визит-орталықтар ашылады
Сурет: wikimedia/Alibek Djenalinov
Қазіргі уақытта 15 өңірде 29 визит-орталық жұмыс істеп тұр.
"2026 жылы Абай және Маңғыстау облыстарында тағы екі визит-орталық салу жоспарланған. Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, "Көксай" демалыс аймағында "Тары" визит-орталығы салынып жатыр. Сондай-ақ Павлодар облысы, Баянауыл ауылында визит-орталық құрылыс жұмыстары жүргізілуде", – делінген жауапта.
Сонымен қатар Қостанай, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында визит-орталықтар салу мәселесі қарастырылуда.
Визит-орталықтар көлік логистикасы бойынша – қоғамдық көлік маршруты мен трансферлерді ұйымдастыру, мәдени және көпшілік іс-шараларды өткізу, сондай-ақ қонақүйлер, хостелдер және пәтерлерді жалға беру мәселелері бойынша тегін кеңес береді.
Еске салсақ, кеше Мәжіліс елде визит-орталықтарды құруды ынталандыруға арналған заңды қабылдады.