Табысын жасырғандарға айыппұл салынады

Табысын жасырғандарға айыппұл салынады, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2023 17:15 Сурет: Zakon.kz
Қазір елде жалпыға бірдей декларацияның екінші кезеңі өтіп жатыр. 1 млн 700 мыңға жуық адам декларация тапсыру қажет.

Бүгінге дейін 65 пайызы табысын көрсеткен. Қаңтардан бастап мемлекеттік мекемелер мен квази-мемлекеттік сектор қызметкерлері, жеке табыс салығы мен мүлкі бойынша есеп беріп жатыр. Декларациялау 2021 жылы енгізілді, деп жазады Хабар 24 телеарнасы.

Азаматтар жылдық табысын, барлық кірістерін ашық көрсетуге міндетті. Келер жылы жеке кәсіпкерлер 2025 жылы өзге санаттағы азаматтар, декларация тапсыратын болады.

"Егер азамат қандай да бір себептермен декларация тапсыру барысында бір мүлкін көрсетуді ұмытып кетсе, ол үш жыл ішінде аталған декларацияға қосымша декларация тапсыра алады. Бұл салық кодексінде көрсетілген. Егер азамат қандай да бір себептермен декларацияны тапсырмаса, бірінші рет заң бұзушылыққа орын берген жағдайда ескерту жасалады. Одан кейін қайталаса онда 15 АЕК айыппұл салынады." Айнұр Сартаева, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: