Дүйсенова депутаттың атаулы әлеуметтік көмекті алып тастау туралы ұсынысына пікір білдірді
Сурет: primeminister.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова үкімет кулуарында 19 сәуірде Мәжіліс депутаты Гаухар Танашеваның балалар жәрдемақысының мөлшерін ұлғайтып, АӘК-ні алып тастау ұсынысына түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тамара Дүйсенова атаулы әлеуметтік көмек төлеуді тоқтату мүмкін емес екенін айтты.
"Бізде осындай көмек алатын отбасылар бар. Жұмыс істей алмайтын азаматтар бар. Сондықтан оларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілуге тиіс. Қазір жұмыс істей алмайтын, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен адамның объективті және субъективті себептері бар. Осыған сүйене отырып, мен әр отбасын анықтап, нақты әлеуметтік көмек көрсету мәселесін қарастыру керек дер едім", – деді министр.
Бұл ретте ол АӘК беру тетігін жетілдіру бойынша жұмыстар атқарылып жатқанын еске салды. Дүйсенованың айтуынша, мұқтаж отбасыларды анықтаудың тиімді тетіктерінің бірі отбасының цифрлық картасы болмақ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript