ҰҚК Қырғызстаннан темекі өнімдерінің үлкен партиясын тасымалдау әрекетінің жолын кесті
Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі
2023 жылғы 14 сәуірде Жамбыл облысындағы «Сыпатай батыр» автомобиль өткізу бекетінде шекарашылар Қырғызстан Республикасынан Қазақстанға темекі өнімдерінің ірі партиясын – 20 160 қорап темекіні заңсыз әкелу әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тауардың алдын ала сметалық құны шамамен 5 400 000 теңгені құрайды.
Анықталған жүк процессуалдық шешім қабылдау үшін Меркен аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына берілді.
Сонымен қатар, 2023 жылғы 14 және 17 сәуірде Жамбыл облысы бойынша Шекара қызметі департаментінің «Ақсу» және «Кеңес» шекара бөлімшелерінің учаскелерінде Мемлекеттік шекараны бұзған Қырғызстанның 3 азаматы ұсталды.
Ұсталғандарға қатысты тексеру шаралары жүргізілуде.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript