Астанада әл-Фараби - Қошқарбаев жол айрығында көлік қозғалысы шектеледі
Сурет: Астана қаласы әкімдігі
Жол жөндеу жұмыстарына байланысты әл-Фараби – Қошқарбаев жол айрығында көліктер қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Рақымжан Қошқарбаев көшесі – әл-Фараби даңғылының жол айрығында орташа жөндеу жұмыстары басталады. Осыған байланысты 22-26 сәуір аралығында аталмыш учаскелерде көлік қозғалысы толығымен жабылады.
Сондай-ақ теміржолшылар елдімекені бағытындағы оң жақтағы съездер, сондай-ақ әл-Фараби даңғылы жағынан Р.Қошқарбаев көшесі бағыты да жабылады.
Елорда әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап алуға кеңес береді.
Айта кетсек, Астана қаласы әкімдігі "Вашингтон" тұрғын үй кешені сүрілмейтінін хабарлаған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
