Жеңіс күніне орай Астана мен Алматы қаласында соғыс ардагерлеріне 1,5 млн теңгеден көмек беріледі
Сурет: Zakon.kz
Астана мен Алматы қаласында тұратын Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 1,5 млн теңгеден қаржы берілетін болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтының жазуынша, бас қалада бар-жоғы 10 ардагер қалған, олардың ең үлкені 103 жаста болса, ең кішісі – 97 жаста.
Ардагерлерге тиісті төлемдер 27 сәуірден бастап беріле бастайды.
Алматы қаласы әкімінің айтуынша, Алматы қаласында 58 ардагер қалған.
"Өкінішке қарай, жыл өткен сайын ардагерлер азайып барады. Соңғы мәліметтер бойынша Алматыда 58 ардагер тұрады. Мен олардың барлығына мерекені аман-есен қарсы алуын тілеймін. Көмекке келер болсақ, қаражат қарастырылды. Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің әрқайсысына бір миллион теңгеден төлеуді жоспарлаған едік. Ертең мәслихаттың отырысы болады, мен депутаттардан 1,5 миллион теңге төлеу үшін тағы бес жүз мың қосуды сұрадым". Ерболат Досаев
Сонымен қатар жергілікті бюджет қаражатынан соғыс ардагерлеріне мынадай қызметтер тегін көрсетіледі:
- коммуналдық қызметтер үшін ақшалай өтемақы, ол ай сайын пәтердің ауданына байланысты 5-тен 8 АЕК-ке дейінгі мөлшерде бөлінеді;
- дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;
- мерзімді басылымдарға жазылуға, моншаларға, шаштараздарға жылына бір рет баруға (жыл басында жеке шоттарына 6,5 АЕК аударылады) әлеуметтік көмек;
- санаториялық-курорттық емдеу қызметтері;
- қалалық жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жол жүру;
- тіс протездеу қызметтері.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript