Англияда мұғалімдер шеруге шықты
Сурет: pixabay
Англияда мұғалімдер шеруге шығып, 11 мыңдай оқушы сабаққа бармады. Ұстаздар қауымы жалақының аздығына наразы.
Фискалдық зерттеулер институтының мәліметінше, табыс соңғы 10 жылда 11%-ға төмендеген. Кәсіподақтар айлықтың инфляция деңгейінен жоғары болуын талап етіп отыр, деп жазады qazaqstan.tv.
Бірақ ондай қаражат бюджетте қарастырылмаған. Биліктегілер 1000 фунт көлеміндегі бір жолғы төлемақы ғана ұсынуда. Жалпыұлттық ереуіл ақпан айынан бері төртінші рет өткізіліп отыр
"Тапқан табысымыз біздің еңбегімізге татымайды. Ақысы төленбейтін көп жұмыс жасаймыз. Мысалы, сенбі күндері мектепке барамыз. Айлығымыз шайлығымызға жетпейді. Қазір бәрі қымбат." Мария Смит, мұғалім
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript