Жаңалықтар тізбегі
0

Sports & Media deTalks 4: Спорт журналистері не дейді

Париматч болжам жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2023 16:58 Сурет: parimatch.kz
Егер сізде «Sports&Media deTalks дегеніміз не?» деген сауал туындаса, демек бұл сіздің шараның алғашқы үш бөлімін өткізіп алғандығыңыздың белгісі екендігі айдан анық. Ендеше біздің түсініктеме беретін тобымыздың көмегіне жүгінуге шақырамыз.

Atameken Business медиахолдингі мен Parimatch халықаралық беттинг-компаниясының білім беру жобасы өткен жылдың қараша айында бастау алып, журналистер, сарапшылар, студенттер мен спортпен қандай да бір байланысы бар ұйымдарды біріктіретін алаңға айналып үлгергені анық. Мұнда келушілер Қазақстандағы спорт журналистикасының мәселелерін ашық талқылап, халықаралық тәжірибе мен сан алуан көзқарастарға сүйене отырып, оларды шешудің жолдарын іздейді.

Өткен «серияларда» біз киберспорт, SMM арқылы дамыту және ауқымды спорттық іс-шаралар туралы ақпараттарды таратудың жолын сөз еткен едік. Айтпақшы, алдыңғы бөлімдерді Atameken Business немесе Parimatch Kazakhstan YouTube-арналарынан көре аласыздар. Бұл жолғы тақырыбымыз экстремалды спорт түрлерінің аясында өтті. Экстремалды спорт тақырыбын осы бағытты ұстанатын, алайда әр түрлі салада қызмет ететін 5 спикер тарқатты.

Париматч болжам жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2023 16:58

Сурет: parimatch.kz

Бірінші болып сөз кезегін Антон Авдеев алды. Өткен жылғы дрифт чемпионы, Gorilla Energy TruCrew командасының пилоты, жақында Gorilla Drift Championship 2023 чемпионатының бірінші кезеңінде өнер көрсеткен спортшы өзінің кәсіби жолын қалай бастағандығы, жарыстарға қатысу қанша тұратындығы туралы және журналистердің қандай сұрақтары сұқбаттан бас тартуға итермелейтінін жеткізді:

«Жеке өзіме адамдардың: «Бүгін жеңесің бе, бауырым?!» деп сұрағаны немесе «Шабандоздар Сокол автодромында әсерлі трюк жасады!» деген бөспе тақырыптар ұнамайды. Журналистерден, ең алдымен, кәсіпқойлықты көргім келеді, олар жазып жүрген спорт түріне аз да болса үңілгенін қалаймын. Шын мәнінде бұның еш қиындығы жоқ, тақырыпты тереңдету үшін бізбен немесе конкурстың ұйымдастырушыларымен сөйлессеңіз жеткілікті. Біз әрқашан диалогқа ашықпыз және көмектесуден де, кеңес беруден де қашпаймыз, бастысы – байланыс орната білу».

Экстремалды спорт әуесқойлары үшін ірі спорттық жарыстарды ұйымдастыру және жариялау мәселелері де назардан тыс қалмады. Оның үстіне ұйымдастырушылар тарапынан спикерлер ретінде Red Bull, Gorilla және Parimatch өкілдері қатысып отырса, бұл тақырыптрды қалай айналып өтуге болады? Бұл брендтердің атауы көптен бері шетелде де, Қазақстанда да әсерлі әрі адреналинді күшейтетін оқиғалармен тығыз байланысты.

Париматч болжам жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2023 16:58

Сурет: parimatch.kz

«Red Bull Air Race, Red Bull Cliff Diving, Red Bull Rampage – біз спорт пен мәдениетті дамыту мақсатында әлемге әйгілі іс-шараларды тұрақты түрде өткіземіз. Бізде журналистер, блогерлер және қауымдастықтарға арналған арнайы медиа платформалар бар, ондағы барлық фотолар, бейнежазбалар және мақалалар жалпыға қолжетімді, оларды кез келген адам өз мақсаттары үшін пайдалана алады және жалпы авторлық құқықтар туралы алаңдамайды. Осылайша, біз бірегей, авторлық мазмұнды шығаруға көмектесеміз және спорт пен экстремалды спорт десе « ішкен асын жерге қоятын» жандарды бір қауымдастыққа біріктіруге көмектесеміз», - деді Red Bull Kazakhstan компаниясының коммуникациялар және әлеуметтік медиа жөніндегі маманы Назира Елтай өз сөзінде.

Энергетикалық сусындарды өндіру немесе беттинг сияқты негізгі қызмет түрлеріне қарамастан, аталған брендтердің спикерлерінің әрқайсысы елімізде спортты дамыту басты мақсаттардың бірі екеніне тоқталды. Parimatch Eastern Europe компаниясының коммуникациялар және демеушілік жөніндегі директоры Алена Кобозеваның айтуынша, экстремалды жобаларға қолдау көрсетуден ешкім ешқашан ұтылмайды:

«Үлкен брендтер өздерінің құндылықтарын көрсету үшін және спортты дамыту үшін серіктестікке келіседі. Ал егер экстремалды спорт туралы нақты айтатын болсақ, біздің брендтің айналасына осы бағыттың нағыз жанкүйерлері жиналғаны белгілі. Футболдың аты қашанда футбол ғой, алайда қазір көпшіліктің қызығушылығын тудырып жатқан басқа да спорт түрлері жеткілікті, және олардың танымалдылығы күн өткен сайын артып келеді».

Сонымен қатар, Қазақстанның спорттық инфрақұрылымы тақырыбы да Sports&Media deTalks шарасында шет қалған емес. Спикерлер де, журналистер де спорт алаңдарының және олардың жабдықтарының көп болуы кәсіпқой спортшылардың да, әуесқойлардың да өз рекордтарын жаңартып, салауатты өмір салтын насихаттауға деген ұмтылысына тікелей әсер ететініне сенімді.

Париматч болжам жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2023 16:58

Сурет: parimatch.kz

«Алматының әр тұрғыны Gorilla Chimba Park кешенін жақсы біледі, мұнда кәсіпқойлар да, жаңа үйреніп жүрген шаңғышылар да, сноубордшылар да 3200 метр биіктікте жаттыға алады. Сонымен қатар, қысқы спорт түрлерінің қымбаттығын ескере отырып, біз бұл сайтты баға сегменті бойынша да, инфрақұрылымы жағынан да кең аудиторияға қолжетімді етуге тырыстық. Gorilla Gorky Park скейт-паркінде де біз осы саясатты ұстанамыз, оған кіру әдетте тегін», - деді Gorilla Energy Central Asia компаниясының Спорт және ивент бөлімінің басшысы Александр Кучура.

Компаниялардың спорттың экстремалды түрлерін дамыту бағытына қосқан үлестерін бағаламауға болмайды - футбол мен бокстың танымалдылығына қарамастан, соңғы жылдары экстремалды спортқа қызығушылық танытқандар саны артып келеді. Жаңа бағыттар пайда болып, экстремалды спортшыларымыздың трюктері жазылған бейнежазбалар әлеуметтік желілерде миллиондаған қаралымға ие болуда. Бұл үрдістің бағасын экстремалды спорттың дамуының бастауында тұрғандар бере алатыны анық.

Париматч болжам жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2023 16:58

Сурет: parimatch.kz

«Бұрын 2-3 мың адамды жинайтын спорт түрлері қазір 50 000 қатысушыны жинап жатыр. Қазақстанда велоспорт, жүзу, жүгіру жаңа деңгейге көтерілді. Техникалық тұрғыдан да, жабдық жағынан да Америка мен Еуропадан еш кем түспейміз. Бұл жерде бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалын ерекше атап өту өте маңызды, өйткені олар қызықсыз деген спорттың өзін қызықты етіп жеткізе біледі. Ал, қызығушылық бар жерде қаржыландыру мен ілгері жүру де бар. Сондықтан журналистеріміз спортқа қызығушылық танытып, жаңадан келген спортшыларға көңіл бөліп, олар туралы ақпаратты интернеттен емес, спортшылардың өз аузынан алса екен дейміз», - деп Sports&Media deTalks шарасын «Экстремалды атлетика» компаниясының бас директоры, әрі экстремал спортшы Тимур Артюхин қортындылады.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: