Павлодар облысында Ленин елдімекенінің атауы ауыстырылып жатыр
Сурет: Zakon.kz
Павлодар қаласына қарасты Ленин кентінің мәдениет үйінде елдімекен атауын өзгерту бойынша қоғамдық тыңдау өтті. Жергілікті әкім Маржан Алшымбаева тоқсан сайын тұрғындармен өтетін кездесулерде елдімекен атауын өзгерту туралы өтініш жиі келіп түсетінін айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жергілікті тұрғындардың таңдауы "Атамекен" атауына түсті , деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Бір ай бұрын облыстық газеттерде сәуір айының соңында қоғамдық тыңдау өтетіні туралы хабарлама тараған.
"Қоғамдық тыңдауда Қазанғап, Бидайық, Атамекен, Ынтымақ, Қазына, Жетінші ауыл атаулары және атауды өзгертпеу нұсқасы кірді. Одан кейін бүгінгі қорытынды жиында екі атау: Қазанғап би және Атамекенді қарастыру туралы шешім қабылданды", - деді Маржан Алшымбаева.
Дауыс беруге жергілікті қоғамдастықтың 50 мүшесі қатысып, 49 адам "Атамекен" атауына дауыс берді. Енді заңнама бойынша атауды өзгерту жұмысына 3-6 ай уақыт жұмсалады.
Айта кетсек, Ленин кентінде 10 мыңнан астам адам, оның ішінде 20-дан астам өзге этнос өкілдері тұрады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript