Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтады
Сурет: akorda.kz
Бұл – тұрақтылық пен тыныштықты, татулық пен келісімді дәріптейтін мейрам. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтауында айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президенттің сөзінше, ел бірлігі – біздің баға жетпес байлығымыз, мемлекеттілігіміздің берік негізі. Қазақ жері сан алуан этнос өкілдерінің құтты мекеніне айналған.
Барлық азаматтарымыз өткен тарихы, бүгіні мен болашағы бір екенін терең ұғынады. Өйткені жұртымыздың құндылықтары да, арман-мұраттары да ортақ. Түптеп келгенде, бәріміз – үлкен қара шаңырақтың, біртұтас қазақ ұлтының перзенттеріміз.Еліміздің өсіп-өркендеуі қолға алған реформалардың тиімді жүзеге асырылуына байланысты. Біз осы іргелі мақсаттарға мызғымас бірліктің арқасында ғана қол жеткіземіз. Президент
Халқымыз «Ырыс алды – ынтымақ» дейді. Бабаларымыздың бұл өсиеті – Әділетті Қазақстандағы басты ұстанымның бірі. Біз татулық, теңдік және әділдік қағидаларына негізделген қоғам құрамыз.
Бірлігі жарасқан жұртымыздың абыройы асқақ болсын! Баршаңызға бақ-береке және толағай табыс тілеймін! Мереке құтты болсын, ағайын! Қасым-Жомарт Тоқаев
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript