Қазақстан төсек-орын жабдықтарын көбірек шығара бастады
Сурет: pexels
Қазақстанда төсек-орын бұйымдарын өндіру айтарлықтай өсті. Ол 2022 жылы 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,3 есе көп өндірілді. Барлығы 21,4 миллион дана төсек-орын бұйымдары жасалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, үй шаруашылығына арналған дайын тоқыма бұйымдарын өндіру (киімнен басқа) 51,6%-ға өсті.
Бұл ретте киімді қоспағанда, тоқыма емес материалдар мен тоқыма емес бұйымдар өндірісі 80,2%-ға өсіп, өндіріс 4,5 млн. шаршы метрді құрады.
Ал өткен жылы мақта маталар өндірісін 43,6 пайызға ғана қысқартқан. Мәселен, физикалық түрде 2022 жылы қазақстандық мата өндірісінің көлемі 11,5 миллион шаршы метрді құраса, 2021 жылы 20,5 миллион м² өндірілді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript