Жаңалықтар тізбегі
0

№189 орам тұрғындарының талап-тілегі орындалды

Ауыл халқының талап тілегі орындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2023 10:23 Сурет: Zakon.kz
Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің азаматтарды бірыңғай қабылдауына келген №189 орамдағы көпқабатты үйлердің тұрғындары коммуналдық мәселелерге қатысты талап-тілектерін жеткізген болатын.

Су, газ, электр қуатының үздіксіз берілуін қамтамасыз етуді сұраған азаматтардың өтініші ескеріліп, шұғыл түрде ақауларға зерделеу жұмыстары жүргізілген. 

Бүгін аталған тұрғын үйлерге арнайы барған Мұрат Дүйсенбекұлы жергілікті тұрғындармен кездесіп, халықты сапалы коммуналдық қызметтермен қамту мақсатында атқарылған жұмыстарды тексерді. 

Бүгінгі таңда жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде бұл үйлерде ауыз су, жылы су, электр энергиясы тұрақты берілуде. Сондай-ақ «ҚазТрансГаз» АҚ-ы тарапынан табиғи газды қосу үшін абоненттердің жеке есеп шоттарын ашу жұмыстары жүргізілуде.

“Пәтерлерге газ беру мәселесін бір апта көлемінде шешіңіздер. Сондай-ақ тез арада мүгедектігі бар азаматтардың үйлерге кіріп-шығуына ыңғайлы болуы үшін пандустарды және құрылыстағы кейбір кемшіліктерді талапқа сай қалпына келтіру қажет” – деді қала әкімі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: