Мамандар "Қызыл кітапқа" енген 720 жекдуадақ құсын табиғатқа жіберді

Мамандар "Қызыл кітапқа" енген құстарды табиғатқа жіберді, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.05.2023 15:52 Сурет: Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Қазақстанда 720 дарақ жекдуадақ табиғи ортасына жіберілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, Қазақстандағы жекдуадақ популяциясын қалпына келтіру бойынша әзірленген бағдарламаның аясында жыл сайын Біріккен Араб Әмірліктері мен Қазақстанның тәләмбақтарында өсірілген жекдуадақ балапандары табиғи ортаға жіберіледі.

"Биыл бұл жұмыс 26 сәуірде басталды. Қазір жалпы саны 720 дарақ жекдуадақ құсы Жетісу облысында табиғатқа жіберілді", - деп хабарлады министрлік.

Құстардың 450-і БАӘ-нің тәлімбағынан әкелінген. Ал 270-і еліміздің Түркістан облысында өсірілген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: