Жетісуда жабайы табиғатқа Қызыл кітапқа енген құс ұшырылды
Сурет: Instagram/qazaqormany
2026 жылғы 29 наурыз күні "Алтын-Емел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында, ителгілерді табиғи ортаға қосу шарасы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған іс-шара 2026–2028 жылдарға арналған "Қазақстанның оңтүстік-шығысында ителгі популяциясын қалпына келтіру" жобасы аясында ұйымдастырылуда. Бұл туралы ҚР Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мәлімдеді. Негізгі мақсат:
- Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек құстың санын қалпына келтіру,
- биоалуантүрлілікті сақтау,
- экологиялық тепе-теңдікті қолдау.
Қонақтар қатарында Сауд Арабиясынан келген өкілдер де бар.

Сурет: Instagram/qazaqormany
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаны іске асыру дала қыранының табиғи ортадағы санын арттыруға, өңірдің экожүйесін нығайтуға және қоғамның қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Бұған дейін Ресейден Қазақстанға 2026 жылдың көктемінде төрт амур жолбарысын жеткізу жоспарланып отырғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript