11 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болады

Ауа райы болжамы анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.05.2023 18:00 Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер 2023 жылдың 11 мамырында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Тек еліміздің оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстік-батыста, батыста, солтүстікте тұман күтіледі.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +24+26°С.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +14+16°С, күндіз +29+31°С.

Шымкентте - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +14+16°С, күндіз +31+33°С.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: