Бұршақ, жаңбыр, қар: осы демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады

Ауа райы бұзылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2023 13:29 Сурет: pixabay
Синоптиктер 2023 жылдың 13-15 мамырында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.


"Найзағаймен жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін, 15 мамырда түнде республиканың шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 13 мамырда солтүстікте, 14 мамырда оңтүстік облыстарда қатты жаңбыр жауады. 14-15 мамырда еліміздің оңтүстік-батысында», - деді синоптиктер.

Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстік облыстарда шаңды дауыл күтіледі.

Жалпы Қазақстан бойынша ауа температурасының ауытқуы болжанады, тек 14-15 мамырда түнде еліміздің солтүстік жартысында -1-3 градус аяз күтіледі.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: