Біріккен Араб Әмірліктерінің тұқымбағында өсірілген 52 сұңқар табиғатқа жіберілді

Ителгі, лашын, сұңқар, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2023 15:11 Сурет: pixabay
52 сұңқар табиғатқа жіберілді. Бұл жөнінде Zakon.kz басылымына "Охотзоопром "ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны хабарлады.

52 сұңқардың 23-і лашын, 29-ы ителгі.

"Барлық құстар белсенді, шығаруға алдын-ала дайындалған, сақиналармен белгіленіп, жабайы табиғатқа бейімделген. Аталған жыртқыш құстар Біріккен Араб Әмірліктерінің тұқымбағында өсірілген", – делінген хабарламада.

Табиғатты қорғаушылардың сөзінше, Қазақстанда сұңқарларды табиғи ортаға шығару бағдарламасы 2009 жылдан бері іске асырылып келеді. Осы уақытқа дейін барлығы 782 құс мекендеу ортасына жіберілген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: