Масаң күйде тәртіп бұзған жолаушы пойыздан түсірілді

пойыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2023 01:31 Сурет: unsplash
Көлік полицейлері Қызылорда облысы Жосалы станциясында Маңғыстау – Алматы бағытындағы жолаушылар пойызынан құқық бұзушыны акт бойынша түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тексеру барысында Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Алматы облысының 54 жастағы тұрғынын анықтады.

Қоғамдық орында масаң күйде болған ер адам ескертулерге құлақ аспаған, сөйтіп жолаушылардың мазасын алып, қоғамдық тәртіпті бұзған. Құқық бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 437-бабының 1-бөлігі және 440-бабының 1-бөлігімен екі әкімшілік хаттама толтырылып, оған 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (34 500 теңге) айыппұл салынды.

Еске салайық, жыл басынан бері еліміздің көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 19 564 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: