Тиктокер діндар ұстаз Астанадағы мешіттердің біріне бас имам болып тағайындалды

Кадрлық тағайындау, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2023 20:35 Сурет: Instagram/nurlanimam.kz
Әлеуметтік желіні тиімді пайдаланатын имам Нұрлан Байжігітұлы бұл қуанышты жаңалықпен Instagram-дағы парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бісмілләһир-Раxманир-Раxим! Алланың қалауымен, елдің ақ тілегімен бүгін Астанамыздағы “Алланың гүлі” аталып кеткен Ырыскелді қажы атындағы мешітке бас имам боп тағайындалдым. Бұл мен үшін қуанышты жаңалық! Енді Астана жұртшылығымен және қала қонақтарымен осы мешітте жүздесеміз. Еліміз тыныш, жұртымыз аман, бірлігіміз берік, руханиятымыз тұғырлы болсын", – деп жазды Нұрлан ұстаз.

Айта кетсек, бұған дейін Нұрлан Байжігітұлы Алматы облысындағы мешіттердің бірінің бас имамы болған. Ол әлеуметтік желі арқылы адамдардың тұрмыс-тіршілігіне жақын әрі өте қарапайым сұрақтарына да жауап беріп, халыққа жақын бола түскен имамның бірі.


Сурет: Instagram/nurlanimam.kz



Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: