Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен бұршақ жауады және үсік болады

найзағай, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.05.2023 16:14 Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 15 мамырда республиканың басым бөлігінде жаңбыр, бұршақ және үсікке байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік болады.

Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай ойнайды.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман түседі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде облыстың батысында 2 градус үсік болады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 2 градус үсік. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Абай облысында жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде облыстың батысында 1 градус үсік болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде - 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 1 градус үсік болады.

Түркістан облысының тауларында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші - 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі бар.

Шымкентте 15 мамырда солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні - 15-20 м/с. 

Маңғыстау облысының шығысында кей уақыттарда нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ болады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с-қа жетеді.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік болады.

Астанада түнде 15 мамырда 2 градус үсік.

Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні - 15-20, Алакөл көлдері ауданында - 23-28 м/с. 

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман, 3 градус үсік болады. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: