Жаңалықтар тізбегі
0

Нөсер жаңбыр, қар және үсік: синоптиктер 13 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады

жаңбыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2023 00:55 Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК синоптиктері бүгін, 3 мамырда қолайсыз ауа райына, соның ішінде жаңбыр, қар және үсікке байланысты республиканың 13 өңірінде ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады күші 17-22 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында 3-8 градус үсік күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ. Облыстың солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 17-22 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, облыстың солтүстік-батысында кей уақыттары 25 м/с күтіледі.

Қостанай облысының солтүстік-шығысында тұман. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында 2 градус үсік болады.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, түнде облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с күтіледі. 

Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Шымкентте шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 23 м/с. 

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Түнде облыстың басым бөлігінде 1-6 градус үсік күтіледі. 

Абай облысының оңтүстігінде, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың оңтүстігінде екпіні 23 м/с. 

Ақтөбе облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың орталығында, күндіз басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 

Жамбыл облысының таулы аудандарында 3 градус үсік болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: