Алматыда қар барысының өшірілген муралы қалпына келтіріледі

қар барысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.05.2023 18:45 Сурет: Омар Нұрхайдаров
Алматыдағы Абылай хан даңғылы, 59/61 үйіндегі қар барысы бейнеленген мурал өшіріліп, орнына газды сусынның жарнамасы салынған. Көпшілік бұл шешімге наразы болды. Бұған қатысты Алматының жоспарлау және урбанистика басқармасы мен Coca-Cola

Алматыдағы Абылай хан даңғылы, 59/61 үйіндегі қар барысы бейнеленген мурал өшіріліп, орнына газды сусынның жарнамасы салынған. Көпшілік бұл шешімге наразы болды. Бұған қатысты Алматының жоспарлау және урбанистика басқармасы мен Coca-Cola Қазақстан түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Басқарманың хабарлауынша, тұрғын үйдің қасбетіндегі қар барысы муралын жарнамалық муралға ауыстыруға оның тұрғындарымен келіскеннен кейін осы үйдің "Орман" ТПИК бастамашысы болған.
"Үйге жарнамалық сурет салуға тек иелерінің құқығы бар екенін айтқан жөн. 2023 жылғы 5 мамырда басқарма 70 шаршы метрлік жарнамалық муралды орналастыру туралы хабарламаны тіркеді. Бұл жарнаманы заңдастыру үшін тапсырыс беруші компания басқармаға барлық қажетті құжатын ұсынды. Хабарламаны тіркеуден бас тартуға негіз болмаған, себебі эскиз Қазақстан Республикасының жарнама саласындағы заңнаманың талаптарына толық сай". Алматының жоспарлау және урбанистика басқармасы
Қазір мұнда Coca-Cola Қазақстан газды сусынының жарнамасы тұр. Компания бұл үшін қала тұрғындарынан кешірім сұрап, оны қалпына келтіретінін мәлімдеді.
"Біз барыстың суретіне қатысты қазіргі жағдайға шын жүректен өкінеміз. Coca-Cola бренді адамдарды біріктіруге және көңіл-күй сыйлауға тырысады, бірақ компанияда адамдар жұмыс істейді, ал адамдар қателеседі. Бұл жолы біз де қателестік", - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.Coca-Cola Қазақстан баспасөз қызметі

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: