Жаңалықтар тізбегі
0

Сырттан келетін ескі көліктер көбеюі мүмкін – сарапшы

Конструктор, автокөлік, шетелден келетін көліктер, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2023 17:58 Сурет: Zakon.kz
Ел арасында "конструктор көлік" аталып кеткен машиналарды заңдастыруға рұқсат берілді. Сарапшылар бұл шешім Қазақстанға әкелінетін ескі көліктердің көбеюіне себеп болады деп есептейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жыл басында бұрынғы тіркеуден шығарылған және кедендік тазартудан өткен көліктерді тіркеуге рұқсат берілген еді. Содан бері 107 мың көлік заңдастырылған, деп мәлімдеді qazaqstan.kz тілшісі.

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Арай Құлтұқаеваның сөзінше, ҚР аумағына кедендік бақылаудан өтетін кезде ондай көліктер сайман ретінде, бөлшек ретінде рәсімделген. Негізінен бұлар толыққанды көлік құралы болып саналады.

Мұндай көліктерді тіркеу кұны 200 мың теңге. Заңдастыру үшін көлік иелері ішкі істер органдарынан көлікті тексеру актісін алып, техникалық қараудың диагностикалық картасын жасау қажет. Ішкі істер министрлігі қазір осындай 14 мың көлік бар екенін анықтаған. Бірақ, шынында одан көп болуы мүмкін.

Автосарапшы Эдуард Эдоков ондай көліктерді анықтау өте қиын екенін айтады.

"Тіпті, олар өзге елде құрастырылған жоқ, Қазақстанға бөлшектеп кіргізілді дегеннің өзін де олар осында қай жерде құрастырылғаны белгісіз. Мысалы, зауыттар бөлшектерді сырттан әкеліп, осында құрастырып, оның қауіпсіздігіне кепілдік бере алады. Ал, мұндай көліктердің қауіпсіздігіне кім жауапкершілік алады?", – дейді автосарапшы.

Эдуард Эдоков сондықтан мұндай көліктерді заңдастыруға түбегейлі қарсы. Өйткені, бұл жеңілдік сырттан көлік әкелушілерді одан сайын көбейтеді, деп есептпейді. Себебі, бір жеңілдік жасалғанын көргендер тағы да үміттенуі мүмкін.

Ал, заң бойынша, бұл жеңілдікке өткен жылдың 1-қыркүйегіне дейін ғана кіргізілген көліктер ілігеді. Бірақ, содан бері тағы 80 мың көлік әкелініпті.

Сондықтан, мәжіліс депутаты Наурыз Сайлаубай оларды да заңдастыруға рұқсат беру керек деп есептейді.

"Қарапайым халық шет елдік көлікті неге алып жатыр? Өйткені, машиналардың жылы жаңа, сапасы жоғары. Бағасы жағынан да тиімді. Шет елден ресми түрде алайын десе утил құны көліктің бағасынан да асып жатыр. Сондықтан, азаматтар шет елден көліктерді тасып жатыр", – дейді депутат.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: