Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы полицейлері мас жүргізушіні ұстады

Алматы полицейлері мас жүргізушіні ұстады  , сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2023 15:15 Сурет: Zakon.kz
Түнгі сағат 00:00 шамасында “102” пультіне Халиуллина мен Талғар трактінің қиылысында орын алған ЖКО туралы хабарлама келіп түскен.

Қоңырау шалушының айтуынша, Lada автокөлігінің жүргізушісі тұрақта тұрған көлікті соғып, оқиға орнынан қашып кетпек болған.

Патруль көлігін көрген Lada жүргізушісі артқа шегінуге асыққан. Біраз қуғыннан кейін бұл көлік тоқтатылды. Рөлде – аяғында әрең тұрған 22 жастағы жігіт болды. Медициналық сараптама оның мас болғанын анықтады.


Сонымен қатар жүргізуші жасаған бірқатар құқық бұзушылықтар анықталды: көлік құралын алкогольдік масаң күйде бола тұра басқару (ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы), жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу (ҚР ӘҚБтК-нің 611-бабы), жалған мемлекеттік нөмірді пайдалану (ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабы), қарсы жолаққа шығу (ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы), апаттық жағдай туғызу (ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы), бағдаршамның қызыл түсінде қиылыстан өту (ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабы), белгілердің талаптарын бұзу (ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы) , қауіпсіздік белдігін тақпау (ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы), автокөліктің техникалық жағдайын бұзу (ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы). Көлік құралын мас күйде басқару дерегі бойынша өндіріс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды, — деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: