Жаңалықтар тізбегі
0

Шетел азаматтарының Қазақстан банктеріне берешегі 120 млрд теңгеден асады

Шетел азаматтарының Қазақстан банктеріне берешегі 120 млрд теңгеден асады, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2023 16:06 Сурет: Zakon.kz
Шетел азаматтарының Қазақстан банктеріне берешегі 120 млрд теңгеден асады. 2 мыңға жуық жеке және 42 заңды тұлға отандық қаржы ұйымдарынан несие алған.

Бұл туралы бүгін Сенаттың жалпы отырысында Сергей Карплюк айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Депутат дерегінше, Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері арасында несие мәліметін алмасу тәртібі айқындалмаған. Демек, Одаққа мүше елдердің азаматтары кез келген мемлекеттің екінші деңгейлі банктерінен қарыз алуға құқылы. Қаржылық қалыпты ретке келтіру үшін жоғары палата бүгіннен бастап несие тарихы бойынша мәлімет алмасу құжатын күшіне енгізіп отыр.


Бұл жерде несие тарихы маңызды. Оны бөлісу не үшін қажет? Біріншіден, бұл адал қарыз алушылар үшін банктік қызметтерге қолжетімділікті арттырады. Басқаша айтқанда, оларға Еуразиялық одақтың кез келген елінің банкінен несие алу оңайырақ болады. Екіншіден, бұл қаржы ұйымдарына да тиімді. Сол арқылы олар өз тәуекелдерін азайтады. Келісім алмасу тәртібін және берілетін ақпараттық тізбесін қамтиды. Бұған мыналар кіреді: кредиттік есеп беру туралы сұрау салу, кредиттік есептің өзі, кредиттік тарих субъектісінің келісімі, сондай-ақ оның дауласуына қатысты құжаттар, – деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сергей Карплюк.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: