Кісі өлтіріп, кейін босатылған өскемендік қайтадан қамауға алынды

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2023 00:23 Сурет: polisia.kz
Өскеменнің криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері іздеуде жүрген 30 жастағы қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ұсталған тұрғын бұған дейін ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігімен ("Адам өлтіру") сотталған

Сот қаулысына сәйкес, ол қалған өтелмеген мерзімге шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған, алайда тұрғылықты жеріне келмеген, сәйкесінше оған Өскеменнің №2 сотының қаулысымен іздестіру жарияланды.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысындағы құқық қорғау органдары іздестіруде жүрген 40 қылмыскерді ұстаған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: