Жаңалықтар тізбегі
0

Музей түнінде Астанадағы Ұлттық музейге 47 мыңнан астам адам барған

Музей түнінде Астанадағы Ұлттық музейге 47 мыңнан астам адам барған, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2023 12:32 Сурет: Мәдениет және спорт министрлігі
Елордалық музей халықаралық музейлер күніне орай "Музейлер түні" атты ауқымды халықаралық акция өткізді. Ұлттық музейге барлығы 47 мыңнан астам адам барды.

Осылайша, былтырғы рекорд жаңарды. Еске салайық, бір жыл бұрын акцияға 30 мыңға жуық адам барған еді.

"Ең әуелі көзге түскені, музейге кіреберістің әрқайсысында бірнеше метрлік кезек пен келушілерге лық толы залдар. Ауа-райы мен кешкі уақыт екеніне қарамастан, адамдар отбасылармен келіп жатты. Ал ауданы 74 мың шаршы метрді құрайтын және 200 мыңнан астам экспонаты бар елдегі ең үлкен музей барлық тілек білдірушілерді әрең орналастырды, ал кейбір залдарда ине шаншар жер қалмады. Соған қарамастан, музейдегі атмосфера ерекше, нағыз отбасылық және шынымен мерекелік болды", - делінген Мәдениет және спорт министрлігінің хабарламасында.

"Музейлер түні" — отандық мәдени қызметкерлер күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар бағдарламасының бір бөлігі. Салтанатты рәсім барысында министр еліміздің әр өңірінен келген үздік музей қызметкерлерін "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісімен марапаттады.

Ұлттық музей қабырғасында концерттік және ойын-сауық бағдарламалары, ойындар, квесттер, дәрістер, музей реставраторларының шеберлік сабақтары, қолөнершілер жәрмеңкесі, театрландырылған экскурсиялар және бірден бірнеше экспозиция ұйымдастырылды. Келушілер «Музейлер түніне» арнайы дайындалған кітаптар мен авторлық қуыршақтар көрмесін тамашалады, сондай-ақ белгілі тарихшылар мен басқа да танымал тұлғалар экскурсиялар өткізген «Жұлдызды гид» жобасына қатысты.

Мыңдаған келушілер залды аралап, ұсынылған экспонаттармен танысты. Атап айтқанда, жақында ашылған Палеонтология залы қонақтар арасында ерекше танымал болды. Сондай-ақ, Министр медиаменеджер Арманжан Байтасов жүргізген «жұлдызды» экскурсияға барды. Іс-шарада басқа елдерден көптеген қонақтар болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: