Бір жыл ішінде Еуропадағы ыстықтан 47 мыңнан астам адам қайтыс болды
Фото: freepik
Барселона жаһандық денсаулық институтының (ISGlobal) 12 тамызда жарияланған есебіне сәйкес, 2023 жылы Еуропада 47 мыңнан астам адам аптап ыстықтан қайтыс болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
ISGlobal мәліметтері бойынша, өткен жыл әлем бойынша ең ыстық жыл болды.
Испандық зерттеу орталығының есебіне сәйкес, 2023 жылы аптап ыстықтан қайтыс болғандар саны 60 мың адамға жетті.
Егер соңғы 20 жылда адамдар температура жоғарлау кезінде қабылданатын шараларға бейімделмесе, бұл көрсеткіш 80% жоғары болуы мүмкін еді.
Бұған дейін синоптиктер 18 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалғаны хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript