Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде 180 мыңнан астам адам зейнетақы алмаған

180 мың адам зейнетақы алмаған, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2023 14:49 Сурет: Zakon.kz
Елімізде 180 мыңнан астам адам зейнет жасына толса да зейнетақы қорынан өздеріне тиесілі төлемдерді алмаған. Әрқайсысының зейнетақы жинақтары бар.

Бірақ Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлем үшін жүгінбеген. Аталған қор жыл сайын «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясымен бірлесіп, осындай зейнеткерлерді анықтау бойынша тексеру жүргізеді.

Сәуір айында оларға қызмет көрсетуге келісім алу үшін sms-хабарламалар жіберілген, деп жазады qazaqstan.tv.

Бірақ зейнеткерлердің телефон нөмірлері мобильді азаматтар базасында тіркелмеген болып шықты.

Сондай-ақ 57 мыңнан астам адам елімізден басқа жақта тұрақты тұруға көшіп кеткен.

Сондықтан Мемлекеттік корпорациядан төлем алмайтыны анықталды.

Зейнетақы тағайындау үшін азаматтар тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлімшелеріне уақытылы хабарласуы тиіс. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: