Жаңалықтар тізбегі
0

БҚО-да 2 мобильді алаң сыйға берілді

Екі мобильді алаң сыйға берілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2023 16:33 Сурет: pixabay
Батыс Қазақстан облысында балалардың жол қауіпсіздігіне байланысты бірқатар профилактикалық жедел алдын-алу шаралары өткізіліп тұрады.

«БҚО қауіпсіз жолдары» жобасының жергілікті жобалық менеджері Элеонора Сағиқызының мәлімдеуінше, балалардың жол қауіпсіздігінің алдын алу үшін ай сайын флешмобтар ұйымдастырылып, жолда полиция қызметінің инспекторларымен және еріктілермен акциялар жиі өткізіледі.

Облыстағы барлық білім беру мектептерінде «Жүргізушіге хат» жалпықалалық акция өткізіліп, көшелер мен автотұрақтарда, жаяу жүргіншілер өткелінде жылдамдықты сақтау туралы жүргізушіге үндеу хаттар таратылған. Сондай-ақ, балабақшаларда да түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде, шеберлік сағаттарына арналған 2 мобильді алаң сыйға тартылды.

"Балаларға арналған жол қозғалысы ережелері мен жол қауіпсіздігі бойынша өткізілетін шеберлік сабақтарына арналған 2 мобильді алаң мен 2 бұрыштың бірін Оқушылар сарайына сыйға тарттық. Оған жылына 10 мыңға дейін бала қатысып, жол қозғалысы ережелері бойынша теория және практикалық сабақтармен айналыса алады. Ал екінші мобильді алаң БҚО полиция департаментіне берілді, - деп атап өтті «БҚО қауіпсіз жолдары» жобасының жергілікті жобалық менеджері Элеонора Сағиқызы."

Айта кетейік, мобильді алаңды пайдалану ерте жастағы балалардың жол белгілері мен бағдаршам қозғалысын тани білуге, жаяу жүргіншілер өткелін пайдалану дағдыларын меңгеруге үйретеді. Сондай-ақ, балалардың көшеде және жолдарда қауіпсіз мінез-құлық негіздерін қалыптастыруға көмектеседі.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: