Шымкентте 72 жастағы ер адам аурухананың терезесінен секіріп мерт болды

аурухана, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2023 22:11 Сурет: видео скрині
Шымкентте 72 жастағы ер адам аурухана терезесінен секіріп көз жұмды. Жаға ұстатарлық жағдай түн ішінде болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, зейнеткер 7 мамыр күні де суицидке талпынған. Кеңірдегін пышақпен кесіп, өлімші хәлде ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер ота жасап, бірнеше күн жансақтау бөлімінде жатқан. Одан соң психотерапевттің рұқсатымен палатаға шыққан.

Күн сайын жанында туыстары болғанымен, соңғы бірер күні ешкім келмеген. Осыдан кейін көңіл күйі де болмай, ақыры түн жарымында ер адам терезеден секіріп мерт болды.

"Туыстары кетіп қалғаннан кейін мені тастап кетті деп ойлған сияқты. Өйткені бізде өте жоғары деңгейлі көмейі тігіліп, бірінші деңгейлі өңдеу жасалып, жансақтау бөліміне жатқыздық, алғашқы медициналық көмек көрсеткенбіз". Шымкенттегі №1 клиникалық ауруханасының бөлім меңгерушісі Қуаныш Лекеров
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: