Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапарынан деректі фильм көрсетіледі

Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.05.2023 13:25 Сурет: akorda
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапарынан деректі фильм көрсетіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Президент телерадиокешенінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Президентінің Қытайға мемлекеттік сапары аясында әзірленген "Золотая дружба" деректі фильмінің эфир уақыты:

21 мамыр

  • Astana tv - 13:25-те;
  • "КТК" - 15:00-де;
  • Jibek joly - 15:00-де;
  • "Хабар" - 17:30-да;
  • "Евразия" - 17:35-те;
  • "Хабар 24" - 16:20-да;
  • "Еларна" - 16:50-де;
  • Turkistan tv - 19:00-де;
  • Almaty tv - 19:00-де;
  • Jetisu tv - 20:48-де;

22 мамыр

"Мир" - 10:10-да.

 

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 17-19 мамыр аралығында Қытайға мемлекеттік сапармен барды.

Президент қазақ-қытай инвестициялық дөңгелек үстеліне, Сиань қаласындағы құрғақ портта Қазақстанның логистика орталығының іргетасын қалау рәсіміне қатысып, JD.сom электронды коммерция алаңында Қазақстанның Ұлттық павильонын ашты. Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай компанияларының басшыларымен бірқатар кездесу өткізді.

Ол сонымен бірге "Орталық Азия – Қытай" саммитіне қатысты. Бұл саммитке қатысушы мемлекеттер басшыларын ресми қарсы алу рәсімінде қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген өнер көрсетті.

Тоқаев Сианьдағы Бас консулдықты да салтанатты түрде ашты.

19 мамырда Президенттің әнші Димаш Құдайбергенмен бірге қайтқаны белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: