Тоқаевтың Қытайға ресми сапарының мән-маңызы баяндайтын деректі фильм дайындалып жатыр

Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2023 16:23 Сурет: видео скрині
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға ресми сапарынан деректі фильм дайындалып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы 17-18 қазан күндері Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барды.

Бейжіңде Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянмен және Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен келіссөз жүргізді.

Сондай-ақ жоғары деңгейдегі "Бір белдеу, бір жол" халықаралық ынтымақтастығының III форумына қатысты. Сапар аясында Қытайдағы ірі компания басшыларымен бірқатар кездесу өткізді.

Жаңа "Алтын отыз жылдық" деректі фильмінде осынау үлкен сапардың мән-маңызы жан-жақты баяндалады. Деректі фильм жуырда Президент телерадиокешенінің YouTube-тегі арнасында жарияланады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: