Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы туралы деректі фильм түсірілді

Зарина Сарипова, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары, чемпион, палуан қыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2024 09:29 Сурет: Instagram/z.saripova
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы Зарина Сарипова туралы деректі фильм түсірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

28 қыркүйекте ҚР Президентінің Телерадиокешені мобильді форматта түсірілген алғашқы отандық деректі фильмді көрермендер назарына ұсынды. Оның басты кейіпкері - самбо және дзюдодан спорт шебері, қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері және Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы Зарина Сарипова.

"Палуан қыз" деп аталатын бұл фильмнің жалпы ұзақтығы шамамен 12 минутты құрайды. Оны ҚР Президенті Телерадиокешенінің Youtube-тегі ресми арнасынан тамашалауға болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: