Елімізде көліктің жол апатына түскен-түспегенін тексеретін сервис жұмыс істей бастады
Сурет: Zakon.kz
Ішкі істер министрлігі "Автокөлік тарихы" мен "Бірыңғай сақтандыру деректер базасы" сервисін біріктіруді жоспарлап отыр. Бұл көлікті сатып алмастан бұрын жол-көлік апатына түскен-түспегенін қосымша тексеруге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, "Автокөлік тарихы" сервисін жетілдіруді жоспарлап отыр. Оны “Бірыңғай сақтандыру деректер базасымен" біріктіру көліктің жол апатына ұшыраған-ұшырамағанын қосымша тексеруге мүмкіндік бермек.
Бұл сервис іске қосылған сәттен бастап қазақстандықтар екі миллионнан астам көлік құралын тексерді. Сервис Қазақстанда автокөлік тарихын онлайн-режимде көруге мүкіндік береді.
"Автокөлік тарихы" қызметі азаматтарға автокөлік сатып алғанда автокөліктің Қазақстанда алғаш тіркелген күнін, бұрынғы иелерінің санын, кепілдіктер мен ауыртпалықтардың бар-жоғын көруге мүмкіндік береді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript