Қазақстаннан заңсыз шығарылған 100 млн доллар актив шетелдерде анықталды

Қазақстаннан заңсыз шығарылған 100 млн доллар актив шетелдерде анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2023 15:41 Сурет: pixabay
Қазақстаннан заңсыз шығарылған 100 млн доллар актив шетелдерде анықталды. Бұл туралы Бас прокуратура өкілдері мәлімдеді.

Ведомство ақпаратына сәйкес, бұл қаражат банк шоттарындағы ақша, жылжымайтын мүлік және шетел компанияларындағы акциялар.

Активтер Біріккен Араб Әмірліктері, Швейцария, Латвия және Австрияда жасырылған, деп жазады qazaqstan.tv.

Еске сала кетейік, осыған дейін Лихтенштейн, Австрия, Гонконг және Бірікен Араб Әмірліктерінен Қазақстаннан заңсыз шығарылған 760 млрд теңгенің қайтарылғандығы туралы айтылған болатын.

Оның ішінде Қайрат Сатыбалдыұлының ісіне қатысы бар қымбат зергерлік бұйымдар да болған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: