Синоптиктер 24 мамырда Алматы облысында жылымық қар жауады деп болжады
"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, еліміздің батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, ал Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аймақтарында жылымық қар, бұршақ жауады.
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады.
Республика бойынша жел күшейді, оңтүстікте шаңды дауыл тұарды.
Павлодар облысының шығысында, орталығында, Қызылорда облысында, Қарағанды облысының шығысында, Ұлытау облысының орталығында, Қостанайдың оңтүстігінде, оңтүстігінде, Атырау облысының шығысында, Абай облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
Астанада – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші түнде 2-7, күндіз 7-12 м/с болады. Ауа температурасы түнде +9+11°С, күндіз +25+27°С.
Алматыда – көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан 3-8 жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +21+23°С.
Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +14+16°С, күндіз +27+29°С.