Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістандағы мал базарында өз әріптесін өлтірген қасапшы сотталды

сот, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2023 23:59 Сурет: Zakon.kz
Түркістандағы мал базарында өз әріптесін бауыздаған қасапшыға үкім шықты. 30 жастағы ер адам 11 жылға сотталды.

КТК телеарнасының хабарлауынша, оқиға биыл ақпан айында болған. Мал союға таласып қалған екі ер адам жұрттың көзінше төбелескен. Бірнеше мәрте соққы алып таяқ жеген күдікті мал соятын пышақпен қарсыласының аяғын жарақаттап, одан соң тамағын орып жіберген.

31 жастағы жігіт сол жерде көз жұмыпты. Марқұмның артында кәмелетке толмаған баласы мен әйелі қалды.

Марқұмның туыстары ауыр қылмыс жасаған сотталушыға берілген жаза тым жеңіл деп есептейді. Олар сот үкімімен келіспей, апелляцияға шағым түсірмекші.

"ҚР ҚК 99-бабының бірінші бөлігі бойынша 8 жылдан 15 жылға дейін. Бірақ анасы ретінде мен қарсымын. Мен әлі де ізденемін. Әлі іштен топты шығарам, барлық дүниені шығарамын. Қашан жаным кеудемнен шыққанша, соңына дейін барамын".Марқұмның анасы Құрбанкүл Дайрабаева

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: